Түрік авиакомпаниялары шыдамсыз жолаушыларға айыппұл салады

АСТАНА. KAZINFORM — Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушылары ұшаққа отырғызу кезінде жолаушылардың тәртібін бақылауды күшейтетін қатаң шараларды енгізіп жатыр, деп жазады Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Түрік авиакомпаниялары шыдамсыз жолаушыларға айыппұл салады
Фото: Anadolu ajansı

Бұл туралы елдің Азаматтық авиация бас басқармасының (SHGM) ресми құжатына сілтеме жасап, Akdeniz Gerek газеті хабарлады.

Жаңа ережеге сәйкес, ұшақта қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамаған жолаушыларға айыппұл салынады.

— Ұшақ жерге қонған бойда орындарынан тұрып кететін, жүк сөрелерін ашатын немесе бортсеріктердің ескертулеріне құлақ аспайтын жолаушылар қолданыстағы заң нормаларына сәйкес әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін, — делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда Ақтау маңындағы әуе апатынан кейін барлық әуежай мен ұшақтардың техникалық жағдайы тексерілетіні хабарланған еді.

Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзғандарға айыппұл салынатыны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар