Түрік қарулы күштері бір аптада 63 лаңкестің көзін жойды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркия қарулы күштері соңғы аптада Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі терроризмге қарсы операцияларды қоса алғанда 63 лаңкестің көзін жойды, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.

Түркия әскері
Фото: Анадолы

Бұл туралы брифингте Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің баспасөз кеңесшісі контр-адмирал Зеки Ақтүрік мәлімдеді.

Оның айтуынша, түрік әскерінің 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап өлтірген лаңкестерінің жалпы саны 2541-ге жетті.

Сирияда соңғы аптада 42 лаңкес өлтірілді. Араб Республикасында өткен жылдың басынан бері Түрік қарулы күштері 1704 террористің көзін жойды.

Сондай-ақ, жыл басынан бері түрік шекарашылары Түркия шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 686 адамды ұстады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан ІІМ қызметкерлері түрік әріптестерімен бірлесіп жыл басынан бері Түркияда алаяқтық, ірі ұрлық және қаржы пирамидасын құрғаны үшін іздеуде болған сегіз қылмыскерді ұстады.

Соңғы жаңалықтар