Түрік көкпаршылары ширек финалда Қырғызстанға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ширек финалында түркиялық көкпаршылар Қырғызстан командасынан 15:1 есебімен ұтылып қалды.
Қырғызстандық көкпаршылар кеше, іріктеу кезеңінде Моңғолия құрама командасын 16:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Айта кетейік, жарыстар Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясының ережелері бойынша өткізіліп жатыр.

Бұған дейін ҚР көкпар құрама командасының капитаны Тұрғанбек Құрманбек Қазақстан құрамасының басты қарсыласы — қырғызстандық көкпаршылар екенін айтқан болатын.

Бүгін қазақстандық көкпаршылар ширек финалда АҚШ командасын 12:4 есебімен ұтты.
Көкпар төрешісі Ілімша Әлтаев бұл дәстүрлі спорт түрі Қазақстанда танымал екенін айтады.