Түркі мәдениеті қорында Әлем әзербайжандарының ынтымақтастық күніне орай қабылдау өтті

Түркі мәдениеті
Фото: Серікбол Қошмағамбетов

27 желтоқсанда Түркі мәдениеті және мұрасы қорында Әлем әзербайжандарының ынтымақтастық күні мен Жаңа жыл мерекесіне орай қабылдау өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Іс-шараны ашқан Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев мырзаға Ұйымды құрудағы бастамасы үшін және Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекеттерінің басшыларына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Түркі мәдениеті
Фото: Серікбол Қошмағамбетов

Ақтоты Райымқұлова бүкіл түркі әлемін тәуелсіз Әзірбайжан мемлекетінің негізін қалаушы, ұлы көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығы, Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толуы және Әзірбайжанның Қарабақтағы жеңісі сияқты айтулы оқиғалармен құттықтады.

Тұран ансамблі
Фото: Kazinform

Қор Президенті бұл даңқты Жеңіс бүкіл түркі әлемін біріктіргенін атап өтті. Ол өзінің құрылған сәтінен бастап халықаралық аренада Түркі әлемінің материалдық және мәдени құндылықтарын қорғау және ілгерілету бойынша көптеген жобаларды іске асырған қор түркі халықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, өз қызметін табысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Тұран ансамблі
Фото: Серікбол Қошмағамбетов

Іс-шараның көркемдік бөлігінде «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі мен «Зафар» мугам тобы түркі халықтарының музыкасын орындады.

Қонақтарға Түркі халықтарының ұлттық тағамдарының үлгілері ұсынылды.

Іс-шараға Әзербайжанда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, депутаттар, белгілі мәдениет, өнер және әдебиет қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Серікбол Қошмағамбетов

Соңғы жаңалықтар