Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан азаматтар марапатталды
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Жарлығымен Түркістан қаласындағы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-Наградалар өңірдегі коммуналдық қызмет еңбеккерлері мен мемлекеттік мекеме жұмысшыларына, сондай-ақ еріктілерге берілді,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, Президент сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.