2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері АҚШ-та бас қосты

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81 сессиясы аясында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты.

Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері АҚШ-та бас қосты
Фото: ҚР СІМ

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, ұйымға мүше мемлекеттер Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығулары кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтты.

Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері АҚШ-та бас қосты
Фото: ҚР СІМ

— Отырыс барысында тараптар ТМҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылап, өзара іс-қимылдың практикалық мазмұнын арттыруға және түркі мемлекеттерінің ортақ мүдделеріне сай келетін бірлескен бастамаларды ілгерілетуге өз дайындықтарын растады, — делінген хабарламада.

Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер министрлері АҚШ-та бас қосты
Фото: ҚР СІМ

Бұған дейін осы айдың басында Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесі қарсаңында түркі елдері құқық қорғау ведомстволары басшыларымен кездесу өткізгенін жазған едік.