Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет — Мемлекет басшысы

АСТАНА.KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өтіп жатқан бейресми саммитінде мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынды.

Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет — Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

— Технолгиялық даму және гуманитарлық ықпалдастық дәуірінде түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет. Жақында Түркі академиясы ағылшын, орыс және түркі тілдерінде сегіз томдық терминологиялық сөздікті жарыққа шығарды. Бұл жұмыс терминдерді бір ізге келтіруге және ортақ ғылым кеңістігін нығайтуға ықпал етпек. Осы орайда, кеңеске мүше елдердің тиісті мекемелерінің өкілдері, ғылыми сарапшылары кіретін мемлекетаралық терминологиялық комиссия құруды ұсынамын, — деді Президент.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада дала өркениетін дәріптеуге арналған орталық құрылатынын жазғанбыз.