Түркі академиясының альманахы Ресей ұлттық кітапханасының таңдаулы кітаптарының қатарына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Ресейдің ұлттық кітапханасы өзінің 200 жылдық мерейтойына орай аса құнды кітаптарды іріктеп, олар туралы мәліметті альбом түрінде жарыққа шығарды, - деп хабарлайды Түркі академиясының баспасөз қызметінен.
Аталмыш кітапхана өз оқырмандарына тарту есебінде кітапхана қорындағы ерекше құнды кітаптар туралы мәліметтері бар альбомды ұсынған.
Бұл жинақтың 180-бетінде Түркі академиясының 2012 жылы жарық көрген «Түркі дүниесі» альманахы айрықша құнды әдебиеттер қатарында көрсетілген.
Ресейдің таңдаулы альбомына қазақстандық ғылыми әдебиеттер ішінен Академияның бұл туындысынан өзге құнды кітап енбеген.