Түркі халықтарының ақындары Түркістанда бас қосты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Түркістанның түркі әлемінің мәдени астанасы атануы аясындағы іс-шаралар әлі де жалғасуда. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде түркі халықтары ақындарының кездесуі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Кездесуге Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Саха-Якутия, Башқұртстан, Татарстан, Гагауз сынды елдерден қонақтар келді. ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының ұйғарымымен бұл жолғы кездесу Әзербайжанның белгілі ақыны Молла Панах Вагифтің 300 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев түркі ақындарының бас қосуы киелі шаһар жұртшылығына  жаңа серпін беретіндігін атап өтті. Ал ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Асқар Тұрғанбаев Молла Панах Вагифтың өзі аударған өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Жиналған қауымға әзербайжан поэзиясының жаңа бетін ашып, оны халыққа жақындата білген Молла Панах Вагиф жайында түсірілген фильм көрсетіліп, жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылды. Осылайша,  Түркі әлемі ақындарының бас қосуы өлеңмен өрнектеліп, бауырластықтың туы желбіреді.

Соңғы жаңалықтар