Түркі кеңесі ақпараттық-коммуникациялық технология министрлерінің отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі Кеңесінің Ақпараттық-коммуникациялық технологияларына жауапты министрлердің үшінші отырысы 31 қаңтар күні Алматы қаласында өтті.
None
None

Алқалы жиынға Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Түркі кеңесі Бас хатшысы Бағдад Әміреев қабылдауында, Түрік Республикасы Көлік және инфрақұрылым министрі Мехмет Жахит Турхан, Қырғыз Республикасының Ақпараттық технологиялар және байланыс комитетінің төрағасы Бақыт Шаршембиев, Әзербайжан Республикасы көлік, коммуникация және жоғары технологиялар министрінің орынбасары Эльмир Велизаде, Мажарстанның Ақпараттық коммуникациялар, инновациялар және технологиялар Мемлекеттік хатшысының орынбасары Карол Балаш Солимар қатысты.

nullБас хатшы Бағдад Әміреев сөйлеген сөзінде Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлін атап өтті. Сонымен қатар, Бас хатшы мүше мемлекеттердің киберқауіпсіздік, TASIM жобасы және талшықты инфрақұрылым, спутниктік қызметтер және электрондық үкіметтің негізгі мәселелерін дамыту бойынша ынтымақтастық аясындағы маңызды бірлескен жобаларға тоқталды. Атап айтқанда, 2018 жылы 3 қыркүйекте Шолпон-Ата қаласында өткен Түркі кеңесінің 6-шы саммитінде президент АКТ секторына үлкен мән беріп, осы салада өзара ынтымақтастықты күшейтуге назар аударған. Ал Түркі Кеңесі ұйымға мүше мемлекеттер арасында осы саладағы ынтымақтастық пен үйлестіру жұмыстарына күш салуға дайын екенін білдірді.

null Сонымен қатар, жиын барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы төрт негізгі ынтымақтастық бағытына тоқталып өтті. Сондай-ақ, министр TASIM жобасы барлық мүше мемлекеттердің мүддесіне қызмет ететін стратегиялық бастама ретінде маңыздылығын атап өтті. null

Түркия Республикасының көлік және инфрақұрылым министрі Мехмет Жахит Турхан өз сөзінде TASIM жобасын «Шығыс пен Батыс байланысын біріктіретін ақпарат желісі» деп атады. Министр Түркі Кеңесінің ынтымақтастықтың нығайту жолындағы рөліне тоқталып, қатысушы елдер арасында келісілген жобалардың жүзеге асыру жөнінде бірлескен жұмысты күшейтуге шақырды.Бұдан бөлек, Қырғызстан мен Әзербайжан өкілі де ақпараттық техгологиялар бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты.null

Жиынға алғаш рет қатысқан Ақпараттық коммуникациялар, инновациялар және технологиялар жөніндегі Мажарстанның Мемлекеттік хатшы орынбасары Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттермен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенділігін атап өтті. Ол Кеңеске мүше мемлекеттерді 2019 жылы 9-12 қыркүйек аралығында Будапештте өтетін «ITU Telecom World-2019» іс-шарасына қатысуға шақырды.

«Бұл ауқымды шараның шеңберінде Түркі Кеңесінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларына жауапты министрлердің кездесуін өткізуді ұсынамыз», - деді Карол Балаш Солимар.null

Отырыста TASIM жобасын ілгерілету, электрондық қолтаңба және электрондық үкімет, сандық технологиялар, киберқауіпсіздік және басқа да салаларда үздік тәжірибе алмасу жайында сөз болды. Бірқатар нақты бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды.null

Жиын соңында қатысушылар отырыс қорытындысына сәйкес хаттама қабылдады. Түркі кеңесінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялары бойынша Министрлер кезекті отырысы 2020 жылы Қырғызстанда өтетін болды.

Соңғы жаңалықтар