Түркі кеңесі елдерінің Даму банкін құратын кез келді - Шавкат Мирзиёев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркі кеңесі елдерінің Даму банкін құратын кез келді. Бұл туралы Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Дамудың жаңа дәуірінде біз кез келген сын-тегеурінге дайын болуымыз, әлеуетімізді бірлесе отырып қолдануымыз керек. Сонымен қатар осы жылдардың ішіндегі басты мақсатымыз экономикалық қарым-қатынасымызды нығайту болды. Дегенмен ол нақты құжаттарға негізделуі тиіс», - деді Өзбекстан Президенті.

Сонымен қатар ол Түркі кеңесінің инвестициялық қорын құру қажеттігін атап өтті.

«Түркі кеңесі өзінің инвестициялық қорын жасақтап, Даму банкін ашатын уақыт келді. Осыған қатысты нақты жұмыстарды бастауға дайынбыз. Мұнан бөлек, көлік-транзит әлеуетімізді дамытудың маңыздылығы артып келеді. Оған өңіріміздің барлық мүмкіндігі де,әлеуеті де бар. Яғни, Орталық Азия арқылы Қытай, Үндістан, Пәкістан сынды әлемдік нарыққа шығар жол ашуымыз қажет. Ал Әзербайжан мен Түркия арқылы Еуропа елдеріне шыға алар едік. Ал бұл инфрақұрылымдық жобаларды қажет етеді», - деді Шавкат Мирзиёев.


Соңғы жаңалықтар