Түркі мемлекеттері үшін одақ құрудың қажеті жоқ - профессор Ортайлы
«Негізі, түркі мемлекеттері көп. Олар сол көптігімен мықты. Бірақ міндетті түрде Еуропа Одағы сияқты бірігудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Арабтар да өзара бірігіп, одақ құрып жатыр. Меніңше, бұндай одақтардың қажеті жоқ. Оның бәрі - құр әурешілік. Еуропа одағы да әлсірей бастады. Ұлыбритания одан шығып жатыр. Өйткені Брюссельде бюрократия көп. Ондай орталыққа ешкім жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан орталық бір әкімшілікті құрудың қажеті шамалы. Бізде экономикалық ынтымақтастық бар, білім-ғылым саласында да өзара алыс-берістер көп. Әркім өзіне қарай жұмыс істеуі керек. Бірақ мәдени байланыстарды үзбеу қажет», - деді И.Ортайлы сұрақ-жауап сессиясы кезінде.
Ғалымның ойынша, түркі мемлекеттерінің экономикалық одағын құруға болады. Бірақ саяси ұйымның қажеті шамалы.
«Бізде «тіл» деген біріктіруші фактор бар. Сосын білім мен ғылымды дамытуымыз қажет. Театр мен кино жағы да өте маңызды. Ақпараттық теxнологиялар бар. Қазіргі заман өнерін де бірлесіп дамытумыз қажет. Соның бәрін бірге істесек, біраз жетістікке жете аламыз», - деп атап көрсетті И.Ортайлы.