Түркі ұйымының артықшылықтары бар– америкалық сарапшы

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тағы бизнес ортаның сарапшысы, профессор Уэсли Хилл ҚазАқпарат тілшісіне Түркі мемлекеттері ұйымының келешегі туралы пікірлерін айтты.
None

Қос сарапшы да АҚШ Түркі мемлекеттері ұйымының нығаюына, 2023 жылы Қазақстанда өтетін оныншы саммитке тілектестікпен қарайтынын атап өтті.

Уэсли Хилдің пайымынша, Түркі мемлекеттері ұйымының артықшылықтары баршылық: Орталық Азия блогында өңірлік және мәдени байланыстарды нығайтып, Еуропа Одағына Түркия, Грузия, Әзербайжан және Орталық Азия арқылы өтетін тауар тасымалының дәлізін сенімді ете түседі, Орталық Азия елдерінің өз экономикасына инвестиция тартуына септігін тигізеді.

Ал АҚШ-тағы бизнес ортаның сарапшысы Түркі мемлекеттері ұйымының аясында қолға алынған қаржылық, логистикалық, энергетикалық жобаларды АҚШ-тың қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, АҚШ бұл ұйымға Еуропаны қажетті энергия ресурсымен қамтитын аса маңызды құрылым ретінде қарап отыр. Оның үстіне Америка тарабы Түркі мемлекеттері ұйымына Еуропаның энергетика нарығындағы бәсекелес ретінде қарамайды. Өйткені Еуропа Одағының энергетикалық ресурсқа деген сұранысы өте ауқымды.

Дей тұрғанмен, сарапшылардың Түркі ұйымына мүше мемлекеттердің ішінде АҚШ үшін қайсысы маңызды серіктес екені туралы пікірлері әр түрлі болып шықты.

Уэсли Хилл АҚШ әсіресе Түркиямен және Әзербайжанмен тығыз байланыс орнатып отыр деп есептейді. Вашигтон үшін кейбір мәселедегі ұстаным қайшылығына қарамастан, аймақтағы ең сенімді серіктес Анкара болып тұр. Ал Әзербайжан ең әуелі Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігі тұрғысынан АҚШ үшін маңызды серіктес болса керек.

АҚШ-тағы бизнес ортаның сарапшысы болса, АҚШ үшін Анкарадан кейінгі маңызды серіктес Астана деп ойлайды. Оның пайымынша, Түркияның өңірде жүргізіп отырған саясаты Вашингтонның ұстанымымен сәйкеседі. Ал Қазақстанда америкалық бизнестің үлесі басым. Екі елдің арасындағы экономикалық байланыстың тарихы бай.

Екі сарапшы да АҚШ Түркі ұйымының қауіпсіздік мәселесіндегі әріптестігіне бейтарап қарайтынын, ұйым аясындағы қарым-қатынаста экономикалық және дипломатиялық байланыс әскери ынтымақтан жоғары тұру керек деп есептейтіндерін айтты.


Соңғы жаңалықтар