Түркі жастарының бірлігі маңызды - Мелике Кузу
Оның айтуынша, бауырлас елдердің ұлттық құндылықтары мен тарихын, салт-дәстүрін, мәдени ескерткіштерін жаңғыртуда жастардың өзара ынтымақтастығының маңыздылығы жоғары.
«Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагерінің ашылуына қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Түрік консулдығы түркі елдері жастардың қозғалысын қолдайды. Түркі жастарының бірлігі маңызды. Елдер арасында мәдени салада пікір, тәжірибе алмасу маңызды. Маған Қазақстан өте қатты ұнады. «ЭКСПО-2017» көрмесі де көңілден шықты. Жалпы, қазақ жастары белсенді. Олардан көп нәрсені үйренуге болады. Сол себепті, алдағы уақытта жастардың басын қосатын осындай шараларды дәстүрлі түрде жиі ұйымдастырылып отырса жақсы болар еді», - деді түрік кеңесінің мүшесі Мелике Кузу.
Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысының Зеренді ауданында Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагері ашылды . Оған Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстаннан жиналған жүзге жуық белсенді жастар қатысуда. Шара ағымдағы жылдың 10-16 шілде аралығына дейін өтпек.