Түркімен мәдениеті Моңғолияда таныстырылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22-24 қыркүйек күндері аралығында Моңғолия Республикасында Түркіменстанның Мәдениет күндері өтеді. Бұл шығармашылық шараға қатысу үшін Түркіменстан мәдениет және өнер қайраткерлерінің делегациясы аттанады, деп хабарлады turkmenistan.ru.
Мәдениет күндері аясында өнерпаздардың концерті беріліп, түркімен сәндік-қолданбалы өнерінің таныстырылымы, мұражай құндылықтар көрмесі, сондай-ақ Моңғолияның Білім, мәдениет және ғылым министрлігінде бірқатар кездесу өтеді.
Мәдениет күндері достық және сенім диалогын қолдаудағы гуманитарлық байланыстардың маңыздылығын көрсетіп, тәжірибе алмасу, түркімен халқының ұлы мәдени мұрасын танытуға жағдай жасайды, делінген Түркіменстанның Мәдениет министрлігі таратқан ақпаратта.
Фото: ISNA