Түркімен мектептері мен ЖОО-ларда қытай тілі екінші шет тілі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстанда қытай және жапон тілі мектептер мен ЖОО-ларда екінші шет тілі болады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.
None
None

Республика астанасы Ашхабадта алты мектепте, Балканск облысында бес, Лебапскте үш және Ахалск, Жашогузск, Марыйск облыстарының әр екі мектебінде жаңа тілдік пән оқытылатын болады.

Келесі оқу жылынан бастап қытай мен жапон тілдері бірқатар ЖОО-ларда тілдік емес мамандық студенттеріне міндетті пән болады. Бұдан басқа, үкімет университет пен институттарды жапон және қытай тілдері бойынша оқытушылық мамандармен қамтамасыз ету үшін студенттер жинауды ұлғайтуды жоспарлауда.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркіменстан ЖОО-лары мен мектептерінде шет тілі ретінде ағылшын, неміс немесе француз тілдері оқытылады.

Соңғы жаңалықтар