Түркіменстан астанасы Гиннес рекордтар кітабына енді

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Гиннес рекордтар кітабы Түркіменстан астанасын әлемдегі ақ мәрмәр қала ретінде таныды. Тиісті сертификат қала басшысына сенбі күні табысталды.
None
None

Бұл туралы Гундогар интернет-басылымы жазды.  

Ашхабадта 22 шаршы шақырымда ақ мәрмәрмен қапталған 543 ғимарат орналасқан. Олардың жалпы аумағы 4,5 миллион шаршы метрден асып жығылады. Қаланың әр 4,87 шаршы метріне бір шаршы метр мәрмәрдан келеді.

Рекордтар кітабының бас редакторы Крейг Глендейннің сөзінше, Ашхабадтағы ақ мәрмәр ғимараттың әрқайсысы тіркеліп, нөмірленген. Барлығы бойынша мәрмәрлі жабындының көлемі туралы нақты ақпар бар.

Соңғы жаңалықтар