Түркіменстан аумағында магнитудасы 5.2 балдық жер сілкінісі болды
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Геофизикалық зерттеулер институты РМК шұғыл мәліметтеріне сәйкес, кеше Астана уақытымен кешкі сағат 19:55-те Түркіменстан аумағында жер сілкінісі тіркелді.
Зілзала ошағының координаттары: 40.87 солтүстік ендік, 53.58 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb= 5.2. Энергетикалық күші K=11.8.