Түркіменстан басшысы 11 шенеунікке сөгіс жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов 2014 жылдың қорытындысы бойынша өткен үкімет жиынында 11 шенеунікке сөзгіс жариялады, деп хабарлады РИА Новости.
None
None

Мемлекет басшысынан сөгіс алған 11 жоғары қызметтегі шенеуніктің үшеуі егер көрсетілген кемшіліктерді қысқа мерзімде жоймаса, жұмыстан босату туралы ескертпемен қатаң сөгіс алды.

Олар: вице-премьер Аннамухаммет Гочиев, су шаруашылығы министрі Сеитмұрат Таганов пен Мемлекеттік мал шаруашылығы бірлестігінің төрағасы Аманмухаммет Мұрадов. 2014 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша президенттен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аннагелди Язмырадов, Қаржы министрі Мұхаммедғұлы Мұхаммедов, Экономика және даму министрі Вепа Әбділхәкимов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бегмырат Шамырадов, Білім министрі Гүлшат Маммедова, Денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрі Нұрмұхаммет Аманнепесов, Бас мемлекеттік салық қызметінің төрағасы Шатлык Хуммедов пен Ашхабад әкімі Реджепгелди Нурмаммедов сөгіс алды. «Олар қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны және ведомствоға сеніп тапсырылған жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктері үшін жазаланды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар