Түркіменстан мектептерінде Бердімұхамедовтың кітаптары Ниязовтың «Рухнамасын» алмастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстанның президенті Ғұрбаноғлы Бердімұхамедовтың кітаптары мектептің оқу бағдарламасына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркіменстан мектептерінде Бердімұхамедовтың кітаптары Ниязовтың «Рухнамасын» алмастырады

null
«Түркіменстанның хроникалары» басылымының хабарлауынша, ағымдағы жылы осы елдің білім министрлігі мектептерде Бердімұхамедовтың Paýhas çeşmesi» («Даналықтың көзі») атты еңбегінің цитаталары мен үзінділерін қолдануға кеңес берген болатын. Ал қазан айында аталған ұсынымдар барлық мектеп пәндерін оқыту барысында міндетті шара ретінде енгізілді.  Қазірдің өзінде Бердімұхамедовтың кітаптары мектеп бағдарламасында бар. Мәселен, оның «Älem içre at gezer» (Игі атың мәңгі есте қалады) атты романын 7-сынып оқушылары төрт сағат оқиды.

null  

Айта кетейік, Түркіменстанның бұрынғы президенті Сапармұрат Ниязовтың тұсында оның «Рухнама» атты кітабы барша түркімендердің қасиетті кітабы ретінде жарияланған болатын. Ал мектептегі барлық пәндер «Рухнаманың» призмасы арқылы оқытылды. Кітапқа арналған бөлек сабақ та болды.

Түркіменстанның қазіргі президенті Ғұрбаноғлы Бердімұхамедов болса, жыл басынан бері алты кітапт жазып шыққан. Соның ішінде «Даналық көзі» атты мақал-мәтелдердің жинағы, «Шай: ем мен шабыт», «Сәйгүліктің жүрісі» (ахалтеке жылқысы туралы), «Көк аспанның сұлулығы» (түркімен кілемдері жайында), сондай-ақ музыканың күшіне арналған «Достық, бауырластық пен бейбітшіліктің музыкасы» атты жаңа кітап бар.