Түркіменстан тәуелсіздігінің 23 жылдығын атап өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Түркіменстан мемлекеттік мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтуде.
Ол түркімен астанасында өтті. Үкіметтік мінбердің екінші қабатындағы ашық алаңға мыңдаған халықтың қошеметімен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен үкіметтің вице-премьерлері шықты, деп хабарлайды Синьхуа.
Сап түзеген ел қарулы күштерін мерекемен құттықтаған қорғаныс министрі шеруді бастауға бұйрық берді. Әскери оркестер мен хордың орындауында мемлекеттік әнұран шырқалды.
Әскери марш әуенімен мінбер алдынан ұлттық армия қарулы күштері түрлерінің өкілдері өтті. Содан кейін алаңнан жаңа жауынгерлік техника көрсетілді. Әскери шеру әуеде жалғасын тапты. Мінбер үстінен әскери тікұшақтар мен ұшақтар легі ұшып өтті.
Мерекелік шараны ондаған ақалтеке тұқымды сәйгүліктер жалғастырды. Тәуелсіздік күні мерекесінің құрметіне түркімен үкіметінің атынан Г.Бердімұхамедовке ақалтеке арғымағы сыйға тартылды.