Түркіменстанда Мақтымқұлы Фрагидің жаңа мұражайы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстандағы Балқан уәләятында түркімен және әлем әдебиетінің классигі Мақтымқұлы Фрагидің мәдение-мемориалдық кешені мен мұражайы салтанатпен ашылды, деп хабарлады TURKMENISTAN.RU.
None
None

Екіқабатты ғимаратқа бес тұрақты экспозициялвқ зал бріктірілді, онда жәдігерліктерді сақтауға, зерттеуге және экспонаттарды көрсетуге барлық жағдай жасалған, сондай-ақ 300 орындық конференц-зал, кітапхана және әкімшілік аймағы бар.

Бірінші қабатқа Мақтымқұлының әдеби мұрасына арналған «Гарашсызлык» («Тәуелсіздік») залы, сондай-ақ ақынның туып-өскен өлкесіне арналған «Табиғат» залы орналасқан.

Екінші қабатта «Археология» залы орналасқан, онда уәләят аумағынан табылған археологиялық олжалар қойылған, ғалымдар әртүрлі дәуірлердегі жүзден астам археологиялық ескерткіштерді тіркеді. Этнографиялық орталық залда түркімен киіз үйі, тұрмыс салты жөнінде баяндайтын экспонаттар орын алған.

Музей экспонаттары Мақтымқұлы өсіп-өнген ортаның мәдени-зияткерлік ортасынының шынайы көрінісімен, оның өмірбаянымен, түркімен ұлттық мәдениетін қалыптастырудағы айрықша рөлімен танысуға мүмкінідк береді.

Соңғы жаңалықтар