Түркіменстанда президенттік сайлау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркіменстанда 07:00-де (Астана уақыты бойынша 08:00) президенттік сайлауды өткізу үшін сайлау учаскелері жұмысын бастады, деп хабарлайды РИА Новости.

Түркіменстанда президенттік сайлау басталды

Дауыс беру кешкі 19:00-ге дейін жалғасады.

Елде Президент сайлауын өткізу үшін 2587 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 39-ы Түркіменстанның шет елдердегі дипмиссиясында ашылған.

Дауыс берушілердің саны - 3223455 адам.