«Turkish Airlines»-тің рейстерінің ұшуы жарылыс қаупі салдарынан бір апта ішінде үш рет тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ыстамбұл-Лиссабон» бағытында ұшатын «Turkish Airlines» компаниясының жолаушылар ұшағы ұшуын тоқтатып, Ыстамбұл халықаралық әуежайына оралды.
None
None

Түркиялық БАҚ хабарлағандай, ол жарылыс қаупі салдарынан ұшуын тоқтатқан. Бұл лайнердің соңғы аптадағы үшінші рет апаттық жағдайда қонуы, деп хабарлады Би-би-си.

30 наурызда «Ыстамбұл-Сан-Паулу» бағытында ұшқан «Боинг-777» ұшағы салонында «бомба» деген жазуы бар хат табылған соң Касабланка әуежайына қонған. Ал 29 наурызда «Turkish Airlines»-тің «Ыстамбұл-Токио» рейсі осы сынды жазба табылған соң жерге қонды. Екі жағдайда да хабарлама жалған болып шыққан.

Соңғы жаңалықтар