Turkish Airlines ұшағы бомба қауіпінен Ирландияға қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Turkish Airlines әуекомпаниясының Боинг-777 ұшағы Ирландияның «Шаннон» халықаралық әуежайына бортындағы күдікті затқа байланысты төтенше жағдайда қонды.
Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, бортта күдікті зат байқалған, сондай-ақ ұшақ экипажы бомба қойылғаны туралы жазуы бар қағаз тауып алғандығын мәлім еткен.
Ұшақ жерге қалыпты жағдайда қонды, оған жарылғыш заттар бойынша жұмыс істейтін мамандар жіберілген.
«Боинг-777» ұшағы TK34 рейсімен, Хьюстоннан Ыстамбұлға бара жатқан.