Turkish Airlines ұшағы Исландияға шұғыл қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстамбұл-Торонто бағытындағы Түрік әуе жолдарына тиесілі жолаушылар ұшағы Исландияға шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Haber7.com хабарлайды.
Бұған экипаж мүшелерінің бірі өзін жайсыз сезінуі себеп болған. Экипаж мүшесі өзінің жайсыз сезініп тұрғанын капитанға айтқан. Диспетчерлермен байланысқа шыққан ұшқыш Исландияның Кефлавик халықаралық әуежайына шұғыл қонуына рұқсат алады. Өзін жайсыз сезінген экипаж мүшесін жедел жәрдем мамандары ұшақтан шығарып алғаннан кейін THY ұшағы Торонтоға бағытын жалғастыратын болды, деп хабарлады 24.kz. Фото:www.traveltoeastafrica.com