13:08, 13 Қазан 2017 | GMT +5
Turkish Airlines ұшағы қозғалтқышына құс кіріп кеткендіктен Кенияға шұғыл қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияның Момбас қаласынан Ыстанбұлға ұшып бара жатқан Turkish Airlines әуе компаниясының ұшағы жұма күні қозғалтқышына құс кіріп кеткендіктен, ұшқан әуежайына қайта келуге мәжбүр болған.

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Оның дерегі бойынша, лайнердің бортында 127 адам болған. Ұшақ артық жанармайдан құтылу үшін бір сағат бойы Момбас әуежайының үстінен айналып ұшып жүрген.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.