Түркістан дәрігерлері пневмониядан өкпесінің қан тамырлары бітелген келіншекті аман алып қалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандық дәрігерлер пневмониядан өкпесінің қан тамырлары бітелген науқасты аман алып қалды. 34 жастағы келіншек бір ай бұрын босанып, артынша пневмония ауруына шалдыққан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасына түскен науқас өкпе қабынуынан ем қабылдап, беті бері қараған.

Алайда, вирусты пневмониядан өкпе тамырларының тромбоэмболиясы, яғни қан тамырлары бітеліп қалған. Салдарынан қан айналымының тоқтауы байқалған.

Клиникалық аурухананың дәрігерлері оған шұғыл түрде көмек көрсетіп, 90 минут бойы жансақтау әрекетін жасаған. Жүрекке аппарат арқылы массаж және қарқынды терапия қолданудың арқасында әйел аман қалды.

Кейіннен ешбір асқынусыз емін толық қабылдап, отбасына оралды.

Дәрігерлердің айтуынша, соңғы кезде ауруханаға түскен науқастарда клиникалық бақылау көрсеткендей, өкпе қабынуынан кейін қан қоюланады. Бұл өкпе және жүрек қан тамырларының бітелуіне әкеліп соғады.

Науқастарға сол себепті қан құю процесін тежеп, тромбтың алдын алу үшін қан сұйылтатын дәрі-дәрмек тағайындалады.


Соңғы жаңалықтар