Түркістан Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына ресми түрде қабылданды
Аталған ұйымға мүше болу арқылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің қызығушылығын одан сайын арттыра түспек.
Сондай-ақ, күн сайын көркейіп келе жатқан шаhардың қала статусын арттырып, жергілікті тұрғындарға ерекше қуаныш сыйлайды.
Осы мақсатта 2 сәуір күні Түркістан қаласында Еуразияның Дүниежүзілік мұрасы қалаларының X Халықаралық конференциясы өтеді.
Бұл конференция Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылмақ.
Айта кетейік, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған болатын.
Ұйым - дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес.
Өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қаламен байланысады.
Бұл қалалардың барлығында жалпы 164 миллионнан астам адам тұрады.