Түркістан қаласы мәслихатына сайланған депутаттар анықталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен бір мандатты округтерден қала мәслихатына сайланған депутаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласы мәслихатына сайланған депутаттар анықталды

63 кандидаттың арасынан жеңіске жеткендері:

№1 сайлау округі бойынша – Мансуров Ардак Усенович, 1988 жылы туылған, жеке кәсіпкер, Түркістан Агро трейд«ЖШС құрылтайшысы, Түркістан қаласы тұрғыны;

№2 сайлау округі бойынша – Худияров Галымжан Батырханович, 1983 жылы туылған, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы»Орталық су-спорт кешені«директоры, Түркістан қаласы;

№3 сайлау округі бойынша – Мәди Аманжол Данаханұлы, 1986 жылы туылған, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директор орынбасары, Түркістан қаласы тұрғыны;

№4 сайлау округі бойынша – Абусейтов Бегахмет Зайнидинович, 1972 жылы туылған, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің деканы, Түркістан қаласы тұрғыны;

№5 сайлау округі бойынша – Сулейменова Жамила Турехановна, 1964 жылы туылған, Ауданаралық мүліктік кешенінің меңгеруші, Түркістан қаласы үй тұрғыны;

№6 сайлау округі бойынша – Хандиллаев Сакен Мырзанович, 1975 жылы туылған, «Жаңа Тұран» газетінің директоры, Түркістан қаласы тұрғыны;

№7 сайлау округі бойынша – Асылов Ақниет Дүйсенбайұлы, 1990 жылы туылған, «Түркістан Жарық - Тазалық» ЖШС директоры, Түркістан қаласы тұрғыны;

№8 сайлау округі бойынша – Cарсенбаев Гаппар Амантаевич, 1974 жылы туылған, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы, Түркістан қаласы тұрғыны;

№9 сайлау округі бойынша – Жусипбаев Нұрсұлтан Умбетұлы, 1991 жылы туылған, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының сектор меңгеруші, Түркістан қаласы тұрғыны;

№10 сайлау округі бойынша – Танирбергенов Даурен Рахимович, 1988 жылы туылған, «Түркістан облыстық Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны директоры, Түркістан қаласы тұрғыны;

№11 сайлау округі бойынша – Аюпов Данияр Мадиханович, 1984 жылы туылған, жеке кәсіпкер, «Салих» ЖШС басшы, Түркістан қаласы тұрғыны;

№12 сайлау округі бойынша – Мұсабек Құлбатыр Базарбайұлы, 2001 жылы туылған, жеке кәсіпкер, «Ырысты Бақ» ЖШС директордың орынбасары, Шымкент қаласы тұрғыны;

№13 сайлау округі бойынша – Мусаев Тажибек Калманович, 1958 жылы туылған, жеке кәсіпкер, Түркістан қаласы тұрғыны;

№14 сайлау округі бойынша – Мұсабеков Данияр Жакипович, 1977 жылы туылған, «МФО КМF» ЖШС мекемесінің аға несие сарапшысы, Түркістан қаласы тұрғыны;

№15 сайлау округі бойынша - Рысбеков Самат Акимбекулы, 1985 жылы туылған, Түркістан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің директоры, Түркістан қаласы тұрғыны;

№16 сайлау округі бойынша - Турманов Багдаулет Оразбаевич, 1989 жылы туылған, «Өмір жолы» ЖШС директоры, Түркістан қаласы тұрғыны;

№17 сайлау округі бойынша - Тагайбаев Жанбота Жупарбекович, 1986 жылы туылған, Түркістан қаласының мониторинг және жедел әрекет ету орталығының директоры, Түркістан қаласы тұрғыны;

№18 сайлау округі бойынша - Арыстанов Жандос Джумадуллаевич, 1989 жылы туылған, «Заңғар құрылыс» ЖШС директоры, Түркістан қаласы тұрғыны сайланды.