Түркістан қаласында 500 гектар далалы алқап өртке оранды

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында 500 гектар далалы алқап өртке оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
None
None

Өрт Бабайқорған ауылдық округінің Абай елді мекенінде болды. Тамыздың 18-і күні 10 сағат 30 минутта басталған тілсіз жау келесі күні кешкі сағат сегіз жарымда ғана ауыздықталды.

Оған ОҚО бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 32 адамы мен 3 техникасы, сондай-ақ 36 жергілікті тұрғын мен олардың 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар