Түркістан қаласында аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ - әкімдік

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Түркістан қаласының тұрғындары арасында аса қауіпті инфекциялар айтап айтқанда, тырысқақ, оба, құтыру, күйдіргі, сіреспе, қызамық, эпидемиялық паротит, «А» вирусты гепатиті және іріңді менингит аурулары тіркелмеген.

Түркістан қаласында аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ - әкімдік

Санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың жоспарлы жүргізілуіне байланысты, жекелеген аурулардың да төмендеуі байқалады. Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, былтыр жедел жұқпалы қызылша ауруы, жұқпалы ішек ауруы тіркеліп, инфекцияға қарсы эпидемиологиялық іс-шаралар атқарылған.

Департамент басшысы Н. Нышанов әлемді жайлаған пандемиямен күресте эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жүйелі және нәтежиелі жұмыстар атқарылатынын айтты.

Пандемия кезінде карантин талаптарын өрескел бұзғандар да болды. Алты мобильдік топ жүргізген мониторингілеу жұмыстарының нәтижесінде 4453 нысан тексеріліп, 20 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Карантин талаптарын сақтамаған 62 жеке кәсіпкерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Қалалық соттың шешімімен олардың бесеуі 5 тәулікке қамалып, бір кәсіпкер ескерту алды.

Өткен жылы Түркістан қаласы тұрғындары арасында коронавирус инфекция диагнозымен 729 науқас тіркелген. «COVID-19» зертханалық расталған науқастар бойынша ошақтарға дезинфекциялық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, инфекциямен күрес барысында қаланың эпидемиологиялық ахуалын ескере отырып, қаланың Бас мемлекеттік санитариялық-дәрігері 72 Қаулы шығарған.