Түркістан қаласында «Денсаулық» саябағы ашылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Конституция күніне орай Түркістан қаласында «Денсаулық» саябағы ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан қалалық орталық ауруханасының жанында орналасқан жаңа саябаққа 600-ге жуық ағаш егілген.

100-ге жуық балалар ойын алаңшасы мен стритворкаут және күн мен жаңбырдан қалқалайтын бастырма орнатылған.


Сондай-ақ, әсемдік үшін қойылған ана мен бала мүсіні және кіші сәулеттік 136 форма бар.
Саялы бақтағы алғашқы шара - бүлдіршіндердің құтты қадамымен басталды. Зиялы қауым өкілдері 10 бүлдіршіннің тұсауын кесіп, ақ батасын берді.


Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков көпшілікті мерекемен құттықтап, балаларға арналған қамқорлық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.









