Түркістан мектептерінде ер балалар және олардың әкелерімен кездесу өтуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - «Мұрагер» ұлдар кеңесі Түркістан қаласындағы №9 мектеп-гимназияда жоғары сыныптағы ер балалармен және олардың әкелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мектеп-гимназияның 8-11-сыныптарында оқитын 150 ер бала және олардың әкелері қатысқан жиында қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Сералиева, ювеналды полиция майоры Ш.Тілегенов, полиция капитаны Е.Құлбаев пен ел ағалары қылмыстың алдын алу, тәрбие жөнінде ой қозғады.
null

Аталмыш шарада ұлдар тәрбиесі, олардың тәртібі, мейірімділігі, бір-біріне деген қамқорлығы жөнінде келелі әңгімелер айтылды. Сондай-ақ әрбір бозбала келешекте елдің нағыз патриотына айналуы тиістігі туралы пікірлер жеткізілді. Жиынға қатысушы мамандар бұзақылықтың түбі құрдым мен түрме екенін шегелеп атап өтті.

Сондай-ақ осы күні №16 жалпы орта мектебінде «Мамандыққа саяхат» тақырыбында тренинг өтті. Оған 9-10 сынып оқушылары мен білікті мамандар қатысты. Балалардың мінез-құлқына байланысты психологиялық сауалнама жүргізіліп, мамандыққа бағдарлау бойынша баяндама оқылды.

Бұдан бөлек, Түркістандағы Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында «Бүгінгі жеткіншек - ертеңгі азамат» тақырыбында оқушылардың ақсалдармен, қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Ал №31 жалпы орта мектебінде 10-11-сынып оқушылары «Менің таңдауым - Ханафи Мәзһабы» тақырыбында дін өкілімен кездесіп, психологиялық тренингке қатысты.

№11 жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен заң сағаты ұйымдастырылып, әлімжеттік пен бұзақылықтың алдын алу мәселесі талқыланды.

«Мұндай жиындар Түркістандағы өзге мектептерде де жалғасын табады», - делінген қала әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар