Түркістан мен Кентауда және үш ауданда көшелерді су алып кетті

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында күн жылынып, таяуда жауған қалың қар тез еріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 2 ақпан сағат 08:00-ден бастап таулы аудандарда қардың еруі және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты су деңгейі көтерілген.

Салдарынан Кентау және Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында аулалар мен көшелер су астында қалды.

ТЖД қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмысын жүргізіп жатыр.

50-ден астам құтқарушы, 10 техника және 20 мотопомпа жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар
telegram