Түркістан мен Отырарды, Есік пен Берелді ұлттық символдарымыз ретінде қастерлеу керек - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. Маусымның 16-ы. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат агенттігі республикалық басылымдарда маусымның 16-ы, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

****

«Қысқа мерзімде бойы көтерген ғажайып қала - Астана отандастарымыздың рухын аспандатып, ғаламат жоспарлар түзуге жігерлендірумен қатар, әлемдік кеңістіктегі мақтаныш туымызды желбірете көркеюде. Оның бір парасы жанға жайлы жасыл желегінен де көрініс табады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жасыл белдеуін кеңейтіп, оның көлемін 75 мың гектарға жеткізу тапсырмасын қойып отыр. Өңірлік ерекшеліктерді ескерсек, мұнда ғылыми әлеует айрықша сынды еңсеруі қажет», деп жазады «Егемен Қазақстан» басылымы бүгінгі шыққан нөміріндегі «Астананың жасыл желегі жайқалып келеді», атты мақалада. Аталмыш тақырыпқа байланысты мамандардың пікірін білгіңіз келсе, «Егемен Қазақстанды» оқыңыз.

Сондай-ақ аталмыш басылым ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы хабарласқанын жазады. Онда тараптар Қырғызстандағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, онда уақытша үкіметпен белсенді әрі тиімді жұмыстар жүргізіп, Қырғыз халқының мүддесі үшін ұлтаралық төзімділік, сенім және келісімге қажетті жағдай ұымдастыруға шақырады.

*****

Ал «Айқын» басылымы «Осыдан екі жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын одан әрі дамытудың бағыттарын айқындап, Түркістан мен Отырарды, Есік пен Берелді ұлттық символдарымыз ретінде қастерлеуді шегелеп тұрып тапсырды, Ізінше «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес отырысының тәртібіне өзгеріс енгізіліп, ол тек Астанада ғана емес Алматыда сондай-ақ нақты тарихи-мәдени жерлерде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болды», делінген басылымның бүгінгі санында шыққан «Берел қорғанын ашық аспан астындағы мұражай етіп, туризм орталығына айналдыруымыз керек» атты мақалада. Автор онда аталмыш мәселе төңірегінде нендей жұмыстар атқарылып жатқандығы жөнінде баяндайды.

Сондай-ақ аталмыш басылым «Оштағы оқиғалар алдын ала дайындалып, әдейі жасалып отыр. Шу облысы немесе Бішкекте де осындай алауыздық болуы ықтимал. Бірақ біз бұған дайынбыз. Рас елдің оңтүстігінде оқыс басталған оқиғаға даяр болмай шықтық. Өйткені ол жақта жағдай тұрақтанды деп есептеген болатынбыз. Бірақ бәрі керісінше болды. Бұл бізге үлкен сабақ», дейді Уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Алмазбек Атамбаев», деп жазады. Басылымдағы «Қырғыз билігі көмек сұрайды...» атты тақырыптағы мақаладан Қырығызстандағы жағдайларға байланысты көптеген жәйттермен қанығуға болады.

*****

«Алаш айнасы» «Қанша сүзгіден өсе де, тазаланбайтын неғылған тест» атты мақала жариялап, Ұлттық бірыңғай тестілеу жұмыстарының жүргізілу барысын сынаған. «Мектеп бітірушілердің асыға күткен Ұлттық бірыңғай тестілеуі де өтті. Бұл жолы да бұрынғы сценарий көп өзгермеді. Жылдағы аппеляция, жыл сайынғы қайталанар мағынасы күмәнді сұрақтар, түрлі заң бұзушылықтармен қатар 11 жыл бойы бестік бағадан басқаны танымаған «Алтын белгіге» үміткер түлектің

1-2 балдан мүлт кетіп, әділдік іздеп шарқ ұруы секілді көріністер тағы қайталанды» деп жазады автор мақаласында.

Сондай-ақ осы басылым «65 ұшақтың «қанаты қиылды» деп дабыл қағып отыр. Аталмыш тақырыппен жарияланған мақалада еліміздегі әуе компанияларына тиесілі 65 ұшақ қызметін тоқтатуы мүмкін екендігі жазылған. Себебі әуе көліктеріне жүргізілген тексерулер барысында жолаушылар қауіпсіздігіне байланысты талаптардың өрескел бұзылғаны анықталған.

*****

«Казахстанская Правда» басылымы бүгін еліміз үшін қуанышты жаңалық жеткізді. Ондағы «Демонстрация стабильности» атты мақалада» Менеджментті дамыту халықаралық институтының мәліметтері бойынша Қазақстанның рейтингі өткен жылдағыдан біршама көтерілгендігін жазады. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, еліміз өткен жылдан бері 3 орынға жоғарылап, 58 мемлекеттің арасында

33-ші орынға табан тіреген. 2010 жылы жалпы рейтинг шаралары экономика жетістіктері, үкіметтің тиімділігі, бизнестің тиімділігі мен инфрақұрылымның жағдайы сияқты 4 критерий бойынша жүргізілген.

*****

«Литер» басылымы бүгінгі санында Қырғызстандағы жағдайларға қатысты саясаткерлер мен саясаттанушылардың пікірлерін беріпті. Президентің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев басылым тілшісіне берген сұхбатында «Қырғызстандағы хаос пен анархияның себеп-салдары онда ұлт көшбасшысының жоқтығынан» десе, саясаттанушы Ерлан Қарин «Қырғызстандағы жағдайлар аймақтық қауіпсіздік жүйесін әлсіретіп отыр» деген пікірін білдіріпті. Аталмыш азаматтардың аймақтағы жалпы жағдайға қатысты пікірлерін блгіңіз келсе, «Литер» басылымының бүгінгі санын қараңыз.

Соңғы жаңалықтар