Түркістан облысы әкімінің орынбасары көпшілікті жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 3000 жуық полиции қызметкері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір Түркістан облысындағы жағдай тұрақты. Дегенмен, Төтенше жағдай қатаң бақылауда. Облыс шекараларымен аудан, қалаларға кіре беріс аумақта блок бекеттер қойылған. Әрбір көлік жіті тексерілюде. Әлеуметтік желі арқылы бүгін тікелей эфирге шыққан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов көпшілікті жалған ақпараттарға сенбеуге шықырды. «Түркістан облысында жағдай тұрақты. Тек интернет тұрақты емес. Сондықтан, жергілікті БАҚ арқылы ресми ақпарат беріп отырмыз. Сондықтан тек ресми жаңалықтарға назар аударыңыздар. Жалған ақпараттар көп тарауда, оларға сенбеуге шақырамын» - деді Сәкен Қалқаманов.
Облыстағы әрбір аймақта тікелей телефон желісі іске қосылған. Оған кез келген тұрғын хабарласып, жағдай бойынша хабарлай алады.