Түркістан облысы: Кабинетінде карта ойнаған әкім қызметтен кетуі мүмкін

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында кабинетінде карта ойнаған әкімнің ісі қаралды. Бл көрніс WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы тарап кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы: Кабинетінде карта ойнаған әкім қызметтен кетуі мүмкін

Желіге тараған көріністе Шардара ауданына қарасты Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі Ә.Сейдалиевтің ауылдың бірнеше азаматымен бірге жұмыс орнында карта ойнап отырған әрекеті түскен. Әкім құмар ойынды қызметтік бөлмесінде жұмыстан тыс уақытта кешкі сағат 21:00-дер шамасында ұйымдастырған.

Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесте мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін ауыл әкіміне «қызметтіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы шешім қабылданып, ұсыныс Шардара ауданы әкіміне жолданды.


Әдеп жөніндегі кеңесте сонымен қатар мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдану тәртібін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімін жүйелі түрде сақтамаған Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округінің әкімі Е.Бекбердиевтің тәртіптік ісі қаралды. Бұл әкімге де кеңес қорытындысымен «қызметтіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану үшін Сайрам ауданы әкіміне ұсыныс енгізілді.