Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 447 млн. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы мен Өзбекстан Республикасы арасында тауар айналымы ағымдағы жылдың 11 айында 447 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өсті. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елдос Саудабаев мәлімдеді.
None
None

2018 жылдың 11 айлық қорытындысы бойынша департаменттің кеден бекеттері 14 539 тауарларға арналған декларация ресімдеген. Бұл былтырғыға қарағанда 16,2 пайызға өскендігін көрсетіп отыр.

«Департаменттің кеден бекеттері арқылы 174 865 жүк автокөлік өтіп, өткен жылмен салыстырғанда 63,7 пайызға өскен. Сондай-ақ, 244 310 жеңіл автокөлік шекарадан өткен. Бұдан өзге, 17 019 264 азамат шекарадан өтіп, былтырғыға қарағанда 46,8 пайызға көбейген. Кеден бекеттерінде кезекте тұрған автокөлік құралдарының өтуін жылдамдату мақсатында кеден бекетіне қосымша қызметкерлер мен жұмыс орындары көбейтілді. Сондай-ақ, автокөлік құралдарының өткізу қабілеттілігін арттыру мақсатында, 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Б.Қонысбаев» өткізу пунктінің қайта құру құрылысының басталуы жоспарлануда. Бұл жобада автокөліктердің кіріп-шығу жолақтарын 2-ден 6 жолаққа дейін ұлғайту қарастырылған», - деді Елдос Ермағанбетұлы.
null 

Департаменттің қызмет ету аймағында Еуразиялық экономикалық одақтық кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен тұлғаларға қатысты 514 әкімшілік іс қозғалған. Одан басқа, 33 факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде, 31 факті бойынша есірткі заттарды тасымалдауға қатысты, 1 факті медициналық препараттар бойынша және 1 факті бойынша экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық істер болып отыр.

Сонымен қатар, кедендік рәсімдерді жаңғырту мен кедендік және салықтық әкімшілендіру автоматтандыру жүйелері жаңартылып келеді.

null 

Соңғы жаңалықтар