Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 447 млн АҚШ долларын құрады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылдың 11 айында 447 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға өсті.

Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Елдос Саудабаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті құрамында алты шекаралық, екі ішкі кеден бекеті қызмет атқарады. Бұл бекеттерде 14 мыңнан аса тауарға арналған декларация ресімделген.

«Департаменттің кеден бекеттері арқылы 174 865 жүк автокөлік құралдары өтіп, өткен жылмен салыстырғанда ол 63,7 пайызға өскен. Сондай-ақ, 244 310 жеңіл автокөлік шекарадан өткен. Бұдан өзге, 17 019 264 азамат шекарадан өтіп, былтырғыға қарағанда 46,8 пайызға көбейген. Кеден бекеттерінде кезекте тұрған автокөлік құралдарының өтуін жылдамдату мақсатында кеден бекетіне қосымша қызметкерлер мен жұмыс орындары көбейтілді. Сондай-ақ, автокөлік құралдарының өткізу қабілетін арттыру мақсатында, 2019 жылдың ақпан айынан бастап «Б.Қонысбаев» өткізу пунктінің қайта құру құрылысының басталуы жоспарлануда. Бұл жобада автокөліктердің кіріп-шығу жолақтарын 6 жолаққа дейін ұлғайту қарастырылған», - деді Елдос Саудабаев.

Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен тұлғаларға қатысты 514 әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті.

Оның сөзінше, 33 факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. 31 фактісі есірткі заттары тасымалдауға қатысты болған. Бір факті медициналық препараттар бойынша және тағы бірі экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық іс екені анықталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram