Түркістан облысына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары келді

  ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ келді. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев делегацияға облыс орталығындағы бірқатар нысандарды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысына ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары келді

Делегация алдымен Түркістандағы Отырар шағын ауданында болып, әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтеріп жатқан нысандарды аралап көрді. Онда қазіргі таңда 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 1 536 пәтердің 1200-і (20 тұрғын үй) арендалық үйлер болса, қалған 6 тұрғын үй, яғни 336 пәтер кредиттік баспаналар қатарында. Биыл қыркүйек айында іргетасы қаланып, бюджет есебінен салынып жатқан 20 тұрғын үйдің 11-і келер жылдың сәуір айында тапсырылады деп жоспарланған. Ал, 9 тұрғын үй келер жылдың қараша айына пайдалануға беріледі. Кредиттік көпқабатты 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары маусым айында аяқталады.null

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары бастаған жұмысшы топқа Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев облыс орталығын инфрақұрылыммен қамту жоспарымен таныстырды. Түркістан қаласының инженерлік инфрақұрылымы қазіргі таңда салынып жатқан әкімшілік-іскерлік орталығының 270 гектар және рухани-мәдени орталығының 98 гектар аумағын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы Түркістан қаласында 20 мың абонент газбен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі 58 пайызға жететін болады. null null null 

 null