Түркістан облысында 11 мың адам коронавирус екпесін алды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 11 мың адам өз еркімен вакцина қабылдады. Олардың 9 113-і медицина маманы болса 1 147-і білім саласының қызметкері, 399-ы күштік құрылым маманы салдырған. Қазір ковидке қарсы екпе алған азаматтар дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 11 мың адам коронавирус екпесін алды

Жалпы 1 ақпаннан бастап өңірге Қарағанды фармацевтикалық кешенінен «Спутник-V» вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілген.

Түркістан облысында апталық аурушаңдық динамикасы нормадан асып, 1,7-ке жеткен.

Пандемия басталғалы барлығы КВИ-дің 4 385 жағдайы тіркелді, оның 2 816 симптомсыз өтті. Стационарларда 1 694 адам емделді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 512-сы бос.

Айта кетсек, Түркістан облысы тұрғындарының 45-50 пайызына вакцина салу жоспарланған. Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту көзделуде.

Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирус инфекциясының вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның келісімімен жүргізіледі. Коронавирусқа қарсы иммундау жыл соңына дейін жалғасады. Вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермей, қатаң локдаун енгізубеудің жалғыз баламасы.