Түркістан облысында 13 мыңға тарта адамға коронавирус вакцинасы салынды
![None None](/static/img/plug.webp)
Оның ішінде 10 674 медицина қызметкері мен 1276 педагог бар. Ал, 444 - полиция қызметкері мен 75 - басқа да санаттағы азаматтар.
Қазір екінші компонентпен 3264 адам вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинация 20 емдеу мекемесінде жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 10 адамда COVID-19 індеті расталған.
Жалпы облыста пандемия белең алғалы 574 400 ПТР сынама алынған.
Ал соңғы тәулікте зертханаларда 2758 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, оның 478-і - бос.
Аймақта бүгінде жалпы 23429 медицина қызметкері бар. Оның 5 мыңнан астамы - дәрігерлер, қалғаны - орта буын мамандары.
Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4292 науқас толық жазылып шыққан.
Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 4445 жағдай тіркелді. Оның 2849-да ауру симптомсыз өткен болатын.
Облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар.
2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы, 800-дей дәріхана жұмыс істейді.