Түркістан облысында 17 мыңнан астам жоба жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 17 мыңнан астам жоба жеңілдетілген несиемен қаржыландырылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры Данияр Арынғазин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Данияр Арынғазинның сөзінше, 2009-2018 жылдар аралығында өңірдің 17 382 тұрғыны жеңілдетілген несие және лизингке қол жеткізіп, кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Қаржыландырылған жобалар нәтижесінде 16 525 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы қаржыландырылған 17 мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға 34,1 млрд теңге бағытталған. Сондай-ақ өткен жылы 4 млрд 539,5 млн теңгеге 1243 жобаны қаржыландырып, жүзеге асқан жобалар аясында 1400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылған. null

«2018 жылы қаржыландырылған жобалар келесі басым бағыттар аясында жүзеге асырылды: мал шаруашылығында - 2 млрд 199,2 млн теңгеге 384 жоба, дала жұмыстары бойынша - 1 млрд 518,8 млн теңгеге 766 жоба, өндіріс саласында - 28 млн теңгеге 3 жоба, жылыжай бойынша - 123 млн теңгеге 15 жоба, қызмет көрсету аясында - 425,1 млн теңгеге 53 жоба, құс шаруашылығында - 11,9 млн теңгеге 6 жоба қаржыландырылды», - деді Данияр Арынғазин.

Сала мамандарының мәліметінше, бүгінде аталған қаржы ұйымының несие қоржыны 34,1 млрд теңгеге жеткен. Ұйымның несие қоржынының басым бөлігін мал шаруашылығы құрайды. Бұдан өзге, аталған ұйым 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап жас кәсіпкерлерге көмек ретінде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын қолға алған. Бағдарлама талабы бойынша жасы 18-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге 2 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие кепіл мүлкі немесе алғашқы жарна талап етілмей-ақ беріліп келеді. Жоба бүгінгі күні сәтті жүргізіліп, 20 млн теңгені құрайтын 10 үздік жоба қаржыландырылған.

null null null null

Соңғы жаңалықтар