Түркістан облысында 2 жасар бала жаңбыр суы толған шұңқырға түсіп көз жұмды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Қатты жаңбырдың салдарынан Түркістан облысының 3 ауданында (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.
«26 қазанда сағат 01.00-ден 6.00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын жауды. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарындағы жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды. Сонымен қатар Қазығұрт ауылында 2 жасар баланың өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, үйдің аумағындағы жаңбыр суы толған шұңқырға құлап, көз жұмғаны анықталды», - делінген хабарламада.

ТЖМ аудандардағы табиғат апатына байланысты тұрғындарға ескерту жасады.


Соңғы жаңалықтар