Түркістан облысында 238 қоғамдық көлік жаңартылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы 238 қоғамдық көлік жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
238 автобустың 66-сы 2018-2019 жылдары шыққан жаңа көліктер.
«Сондай-ақ, өткен жылы облыс орталығы – Түркістан қаласында 26 жаңа автобус сатып алынды. Ал жалпы алғанда облыста жолаушылар тасымалдаушы 44 мекеме және 1300 көлік қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асуда. Айталық, былтыр 7 аудан әкімдігі тарапынан (Сарыағаш, Түлкібас, Отырар, Кентау, Төлеби, Қазығұрт, Шардара) әлеуметтік маңызы бар 17 бағытқа 55,2 млн теңге субсидия бөлінді. Сонымен қатар, облыста әлеуметтік маңызы бар 83 бағыт анықталып, облыстық мәслихатпен айқындалып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы ауданаралық, облысаралық бағыттарға 3 конкурс өткізіліп, 8 тасымалдаушымен 18 бағытқа келісімшарттар жасалды», - деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.


