Түркістан облысында 32 жастағы науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алынды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында 32 жастағы науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында 32 жастағы науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алынды
Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 1991 жылғы науқасқа ота жасалды. Шамамен төрт сағатқа созылған отаның нәтижесінде онкохирург дәрігерлер науқастың бүйрегінен 9 келі ісік алды. Ал, материалды гистологиялық тексеру ісіктің қатерсіз сипатын көрсетті.

Онкохирург Е.Ақбердиевтің айтуынша, операция сәтті өтті, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.