Түркістан облысында 36 жастағы ер адам коронавирустан жазылып, үйіне шықты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында COVID-19 инфекциясынан жазылғандар саны тағы екі адаммен толықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар штабы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында 36 жастағы ер адам коронавирустан жазылып, үйіне шықты

«Жетісай ауданының 1984 жылы туған тұрғыны мен Сарыағаш ауданы, Еңкес ауылының 1998 жылғы тұрғыны коронавирус індетінен толық айықты. Жалпы 20 сәуірдегі соңғы ақпаратқа сәйкес, өңірде дерттен айыққан азаматтар саны 13 адамға жетті» делінген хабарламада.

Айта кетейік, күні кеше өңірде қауіпті індетті үш адам жұқтырған болатын. Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындарынан COVID-19 инфекциясы табылған еді. Барлық науқастардың жағдайы бірқалыпты, тиісті ем қабылдауда.

Сондай-ақ, аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтау мен оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.