Түркістан облысында 4 бала коронавирус жұқтырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 4 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

5 мамыр, сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша, Қазақстанда індетті жұқтырудың жаңадан 72 жағдайы анықталды. Оның ішінде Түркістан облысында 11 науқас тіркелді.

«COVID-19 вирусын жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтарды тексеру барысында Арыс қаласының 28-57 жас аралығындағы 6 тұрғынынан және 3, 7 және 14 жастағы үш баладан инфекция анықталды. Сондай ақ, Ордабасы ауданында 26 жастағы азаматтан және 5 жасар сәбиден алынған анилиздер олардың коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда, науқастардың барлығы оқшауландырылып, олармен жақын байланыста болғандар медициналық бақылауға алынуда», - делінген таратылған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар