Түркістан облысында 50 шетелдік ел аумағынан шығарылды

None
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында 50 шетелдік ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов өңірдегі заңсыз көші-қон арнасын анықтап, алдын алу және оларды ұйымдастырушыларды табу, сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау мақсатында тікелей тапсырма беріп, арнайы топ құрды.


Аталған топ 10 тәулік ішінде ел аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 114 азаматын анықтаған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар жергілікті сотқа жолданды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, 4 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.


Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының 2 азаматының әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Шетелдіктерді заңда белгіленген тәртіп бойынша қабылдамаған 3 қазақстандыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шара қабылданды.

Соңғы жаңалықтар
telegram